07 Маус 2021
Жаңалықтар

«Эбола қызбасы», «Денге қызбасы» және «Короновирус жұқпасын» алдын алу.

Шақырылғандар: Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма мамандары, Атырау теміржол ауруханасы директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Аурухананың барлық бөлім меңгерушілері, дәрігерлері, бас медбике, аға медбикелер,орта буын қызметкерлері, «АТМА-Атырау» әуежайы қызметкерлері, туристік фирмалар өкілдері, теміржол қызметкерлері. Күн тәртібі: Семинарды ашу. Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы И.Шин. Баяндамашылар: 1) Басқарманың бас маманы Айсұлтанова В. 2) Аурухананың эпидемиолог - дәрігері Амангалиева Д.Г. 3) Аурухананың гинеколог-дәрігері Нұрышева А.Қ. Семинарға байланысты пікір талас. Семинарды қорытындылау, ұсыныстарды нақтылау. Басқарманың бас маманы Венера Айсұлтанова өзінің баяндамасында Эбола қызбасының Батыс Африка елдерінде болып жатқан эпидемиялық жағдайы, 1000 жуық адамның аурудан көз жұмғанына толықтай тоқталып, сондай-ақ эпидемияға қарсы шаралардың уақытылы жүргізілуін, туристік фирма өкілдеріне Африка елдеріне баратын туристерге ауру туралы толық мағлұмат беріп, алдын-алу шаралары жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырулары керектігін айтып өтті. Ал ауруханамыздың эпидемиолог дәрігері Динара Амангалиева және дәрігер-гинеколог Алтынай Нұрышева өздерінің баяндамаларында осы аурулардың клиникасына, диагностикасына, жұғу жолдарына және емделу жолдарын нақтылап, слайд арқылы көрсетіп, толықтай айтып өтті. Семинар барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, қатысушылар өздеріне тиісті жауаптарын алды. Төраға Х.Н.Қадиров Хатшы Д.Г.Амангалиева

Пайдалы ақпараттық ресурстар