04 Маус 2021
Жаңалықтар

«Кене энцефалитінің», «Кене боррелиозының» және «Бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасының» алдын алу.

Семинар тақырыбы: «Кене энцефалитінің», «Кене боррелиозының» және «Бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасының» алдын алу. Шақырылғандар: Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма мамандары, Атырау теміржол ауруханасы директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Аурухананың барлық бөлім меңгерушілері, дәрігерлері, бас медбике, аға медбикелер,орта буын қызметкерлері. Күн тәртібі: Семинарды ашу. Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы И.Шин. Баяндамашылар: 1) Басқарманың жетекші маманы Ескужиева Г. 2) Аурухананың дәрігер-хирургі Таукебаев Н.Қ. Семинарға байланысты пікір талас. Семинарды қорытындылау, ұсыныстарды нақтылау. Басқарма маманы Г.Ескужиева өзінің баяндамасында «Кене энцефалитінің», «Кене боррелиозының» және «Бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасының» Қазақстан басқа Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында кездесіп жатқанын және бұл аурулардан қорғану жолдарына толықтай тоқталып, сондай-ақ эпидемияға қарсы шаралардың уақытылы жүргізілуін, кене шағып емханаға қаралған әрбір адам 21 күнге дәрігерде үнемі дене қызуын өлшеу арқылы мекен жайы бойынша өз емханасында диспансерлік бақылауда тұратындығын айтып өтті. Ал ауруханамыздың хирург дәрігері Таукебаев Нұрлан өзінің баяндамасында осы аурулардың клиникасына, диагностикасына, жұғу жолдарына және емделу жолдарын нақтылап, слайд арқылы көрсетіп, толықтай айтып өтті. Семинар барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, медициналық қызметкерлер өздеріне тиісті жауаптарын алды. Төраға Х.Н.Қадиров Хатшы Д.Г.Амангалиева

Пайдалы ақпараттық ресурстар