04 Маус 2021
Жаңалықтар

1-наурыз - Алғыс айту күні

Елбасы жарлығымен 1-наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланғандықтан, 2016 жылдың 1-наурыз күні Атырау теміржол ауруханасы басшысы Досжанов С.Ә. медициналық қызметкерлермен, соның ішінде ауруханада бірнеше жылдан бері қызмет ететін әр ұлт өкілдерімен «Алғыс айту» күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын. Отырыс барысында өмірінің 45 жылын осы ауруханаға арнаған болгар ұлтының өкілі, бірақ қазақ жерін жылдан паналап жүрген өзін осы елдің азаматы сезінетін облысымызга танымал талай әйел жанының арашасы, дәрігер-гинеколог Чендев Кирилл Васильевич, сондай-ақ ауруханамызда көп жылдан қызмет ететін татар, орыс ұлтының өкілдері сөз сөйлеп, барлық қазақ халқына, соның ішінде оған қолдау көрсеткен аурухана ұжымына алғысын айтты. Елбасы «Жыл сайын 1-наурызда елімізді мекендеген ұлттардың бір-біріне және қиын-қыстау кезеңде оларды бауырына басып, жанашыр болған қазақтарға деген ризашылық күнін атап өту әділ болар еді» деген екен өз сөзінде.

Пайдалы ақпараттық ресурстар