04 Маус 2021
Жаңалықтар

Медициналық пойыз- халыққа қызмет етуде

Елбасының тапсырмасы бойынша ҚТЖ ҰК Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып ел аралап жұмыс жасайтын медициналық пойыздар жобасын жүзеге асырды. Бұл теміржолшылар мен олардың жанұя мүшелеріне, шалғайдағы ауыл тұрғындарына жылжымалы көпбейінді мамандандырылған кеңес беру-диагностикалық көмекті көрсететін түбегейлі жаңа әлеуметтік жоба болып табылды. Биылғы жылы «Жәрдем» медициналық пойызы бекітілген кесте бойынша 11 маусым мен 5 шілде аралығында Атырау облысының Қүрманғазы, Исатай, Мақат және Қызылқоға аудандарының темір жол бекеттеріне тоқтап, бекеттер мен шалғай елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету жоспарланған болатын. Пойыздың медициналық бригадасында Астрахань, Павлодар, және Ақтөбе калаларының бірінші не жоғарғы санаттағы терапевт, невропатолог, окулист, лор, гинеколог, хирург, уролог, стоматолог дәрігерлері жұмыс жасауда. Пойыз компьютерлік спирометрлік жүйе, эхоэнцофалограф, видеогастрофиброскоп, карлиологиялық мониторлы диагностикалық жұктеме тестерді жүргізу жүйесі, велоэргометр, кардиограф және деректерді өңдеу компютерлік жүйесі жиынтығы, жапон, неміс фирмаларының ең соңғы рентген, стоматологиялық, лор және офтальмологиялық қондырғыларымен жабдықталған.

Құрманғазы ауданының Ганюшкин және Афанасьев бекеттерінде 11-інші 15-інші маусым аралығында «Жәрдем» пойызы мамандарына 733 тұрғын көрініп, оларға 6326 қабылдау жасалды. Аудан әкімшілігі пойызды ұйымдастырған «ҚТЖ Ұлттык Компаниясы» мен «Апаттар медицинасының темір жол госптальдары» АҚ басшыларына алғыс хат жолдады. Сонымен қатар мамандардың атқарған қызмет сапасына жоғары баға беріп, үздік деп танылған мамандарды марапаттады. Тұрғындар пойыздың маман-дәрігерлердің жанжақты көрсеткен көмегіне дән риза.

Пайдалы ақпараттық ресурстар