Үстіміздегі жылдың 12 мамыры күні Аурухананың акт залында орта медициналық қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтау шарасы өткізілді. Мейірбикелерді құттықтауға Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығының уақытша міндетін атқарушы азаматты қорғаныс полковнигі –Абай Мүсілімұлы Сұлтанғалиев келді. Шара барысында, бірқатар мейірбикелер, адал еңбектері үшін Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының, Облыстық Кәсіподақ төрайымының және Аурухана директорының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Мерекеге арнайы шақыртылған медицина саласының зейнеткерлері, жас буынмен өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, көптеген құттықтау тілектер айтылып, зейнеткерлерге сыйлықтар табыс етілді.
https://atyraumst.rka.kz/zhanaluktar/8064-%C3%BCst%D1%96m%D1%96zdeg%D1%96-jyldy%C5%8B-12-mamyry-k%C3%BCn%D1%96-auruhanany%C5%8B-akt-zalynda-orta-medisinalyq-qyzmetkerlerd%D1%96-t%C3%B6l-merekes%D1%96men-q%C5%ABttyqtau-%C5%9Farasy-%C3%B6tk%D1%96z%D1%96ld%D1%96.html#sigFreeId36974f45f0
