Обыр сияқты катерлі аурудың алдын алудағы жетекші буын жатыр мойынының обыр алды және қосымша ауруларына уақытылы және тиісті диагностикалық және емдеу шараларын жүргізу болып табылады. Жатыр мойынының обыры ұрпақ өндіру жүйесінің қатерлі ісіктерінің арасында сүт безінің,эндометрияның обырларынан кейін үшінші орынға ие және обырдан әйел өлімі арасында бірінші орында қала береді. Жатыр мойынының обырының ең кең таралуы Орталық Америкада,, Оңтүстік және Шығыс Африкада, Оңтүстік Америкада, Кариб Бассейні елдерінде тіркелген. Дамып келе жатқан елдерде жоғарғы аурушаңдық себебі обыр алды ауруларын тиімді анықтайтын және емдейтін скринингтік бағдарламалардың жетіспеушілігі. Жаппай сринингтік бағдарлама енгізген елдерде (АҚШ, Жапония, Швеция) жатыр мойынының обыры 1 сатысында 80% -ы анықталып, айығуы 100%-ға жетті. Обыр алды ауруларға жатыр мойынының дисплазиясын жатқызуға болады. Дисплазия- патологиялық үдеріс-онда эпителийде әртүрлі типтік емес жасушалар пайда болады, сүйтіп жасушалардың саралану қабілетінен айырылады. Дисплазияны анықтау морфологияға негізделеді, оның ішінде нағыз шынайысы гистологиялық зерттеу. Жатыр мойынының дисплазиясынң өзіне тән кольпоскопиялық суреті жоқ кейде эндоцервиксте, жиірек резервтік жасушалар жиналған өтпелі аралықта болады. Обыр алды үдерістерді,әртүрлі орналасымдағы обырларды,т.б. анықтауда цитологиялық әдіс маңызды орын алады.Қарапайымдылығы,кауіпсіздігі және нақтылығы оны жаппай алдын ала қарауға пайдалануға мүмкіндік береді, ал колпоскопиямен бірлескенде анықтау дәлдігі 92-93% жетеді. Цитологиялық әдіс ауруды анықтаудан басқа емнің тиімділігін бақылауға және бағалауға қолданады. Әдістің мәні жатыр мойынының үстінен алынған жасушаларды микроскопиялық зерттеу. Қазіргі кезде жатыр мойыны ауруларының алдын алу шараларының негізгісі Папаниколау бойынша жұғындылырды цитологиялық зерттеу мен скрининг өткізу болып табылады. Бұл жіктеме циологиялық жұғындының бес сыныбын бөледі: 1.қалыпты цитологмялық сурет. 2қабыну үдерістеріне байланысты өзгерген жасушалар 3.Обырға күдікті жасушалар болуы 4.катерлілік белгілері бар аздаған жасушалар бар. 5.Көптеген обыр жасушалары бар. Цитологиялық әдіс диагностикада біраздан бері қолданылып келе жатқандықтан әдебиетте жатыр мойынының түрлі патологиясындағы цитологиялық суреттер жарияланған.Эпителийдің созылмалы бұзылуға жауап қайтаруы, жасушалардың көптеп көбеюіне, жасушалардың көптеп саралануына, дискератозға әкелуі мүмкін.Паракератоз бен дискератоз вирустық жұқпамен қатар жүреді. Кольпоскопия-эпителиалдық жабынды мен тамыр суреттерін 7 және одан да көп үлкейтіп зерттеуға негізделген науқастардың жатыр мойыны патологиясын зерттейтін жетекші әдістердің бірі болып табылады. Жатыр мойыны мен қынаптың кольпоскопиялық суреті, жұқпаға, етек кір кезеңіне, гормональдық ахуалға, жасына т.б. көптеген факторларға байланысты болады. Кольпоскопия жатыр мойынының эпителийін бағалауға, жатыр мойынының тыртықтарының сипатын анықтауға, морфологиялық зерттеуге керекті саланы таңдауға мүмкіндік береді.Бұл әдіске жыныстық жолмен берілетін ауруларды кешенді анықтауда айрықша орын беріледі. Кольпоскопиялық әдістің тиімділігі орташа есеппен 80%, сондықтан кезкелген жағдайда да оны морфологиялық және басқа зерттеу әдістерінің қортындысымен толықтыру керек. Колпоскопияның мынандай түрлері бар: Жәй кольпоскопия-жатыр мойыны алдымен сілемей алмай , сосын сілемей алынған соң қайталап қаралады. Кеңейтілген кольпоскопия-жатыр мойынын сірке қышқылы етіндісімен және Люголь ертіндісімен өңдегеннен кейін қаралады.Бірінші сынама эпителийдің уақытша ісінуін эпителий асты қалыпты тамырлардың жиырылуын шақырады. Ал қалыпты емес тамырлар өздерінің диаметрін өзгертпейді және өзге түрде болады. Екінші сынама көп қабатты эпителийдің сау жасушалары қанық күңгірт күрең түске боялады да ал боялмаған жерлер ісік не басқа өзгерістер бар екенін көрсететіне негізделген. Диагноз қоюда тіндердің өзгеруі,айналадағы сау тіндерге әсері, ісіктердің морфологиялық құрылымы, ісік инвазиясының деңгейі, ем-шара тиімділігін көрсетін көп сатылы сериялық кесінділерді пайдаланатын гистологиялық әдіс шешімді үлес атқарады . Зерттеуге арналған материалды биопсия әдісімен не жатыр мойынын конизациялау , жатыр мойнағының түтігін диагностикалық қырнау арқылы алынады. Жатыр мойыны обырын алдын алудың алғашқы, екінші үшінші түрі болады.Соңғы жылдары алғашқы алдын алудың болашағы бар шарасы, ол адам папиломасы вирусына қарсы екпе (АПВ) болып табылады. Көпшілік жағдайда жатыр мойының обырының пайда болуы АПВ-ның әсерінен болады, ол қатысқан жерде аурудың пайда болу қаупі 60 рет көбейеді.Көп жылдар бойы көптеген елдердің оқымыстылары АПВ- ның қауіпті түрлеріне қарсы қолданатын вакциналарды жасап сынақтан өткізді. Вакцина ерекше клиникалық маңызы бар АПВ 6 ,11, 16,18 негізгі түрлеріне қарсы жақсы нәтиже береді. Көпшілік жағдайда обырдың пайда болуы екі штамның АПВ-16 мен АПВ -18 жұғуына байланысты болады. Вакцина ауруды жұқтырмауға бағытталған, жұққан болса әсер етпейді.Вакцинадан басқа алдын алу шараларына мыналарды жатқызуға болады: жыныстық мүшелердің қабынуларын уақытылы емдеу,гориондық бұзылуларды дер кезінде түзеу, босандыруды ұтымды жүргізу, түсік тастауды болдырмау, контрацепцияны пайдалану, саламатты өмір салтын қалыптастыру мен жыныстық қатынас мәдениетін насихааттау. Бүгінгі күні бүкіл дүние жүзінде алғашқы алдын алудың кең тараған түрі жатыр мойының сынамасын әйел өмірінің әр кезеңінде зерттейтін -цитологиялық скрининг болып табылады. Сынаманы 3 жерден :жатыр мойыны түтігінен, қынаптық бөлігі мен көп қабатты және цилиндрлі эпителийлердің қосылған жерінен алады, сосын Папаниколау бойынша бағалайды. Екінші алдын алу обыр алды және фондық ауруларды уақытылы және нәтижелі емдеу болып табылады. Үшінші алдын алу арнайы емнен кейін қайталап ауруды болдырмау болып табылады. Дәрігер-гинеколог Бердымұратова А.Д.
07 Маус 2021
Жаңалықтар
Обыр сияқты катерлі аурудың алдын алудағы жетекші буын жатыр мойынының обыр алды және қосымша ауруларына уақытылы және тиісті диагностикалық және емдеу шараларын жүргізу болып табылады.
Пайдалы ақпараттық ресурстар
