Конференцияның такырыбы: Трансфузиология.ҚРДСМ №666 бұйрығы. Қан мен оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау және өткізу ережесі. Сонымен қатар қан және оның компоненттері мен препараттарын құю ережесі. Қатысқандар: дәрігерлер, аурухана мейірбикелері. Үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларында ҚРДСМ-нің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» базасында біліктілікті арттыру мен қайта дайындау курсында дәрігер Н.К.Таукебаев, бас мейірбике А.Б.Нысанғалиева, жансақтау бөлімшесінің бас меірбикесі А.Дүйсенова оқыды. Лектор «Қан компоненттері.Трансфуиология» тақырыбында слайдтар көрсетті. Қатысушыларды жаңалықтармен таныстырды. Аурухана бойынша қан қызметіне жауапты трансфузиолог С.К.Орысбаев кейбір сұрақтарға жауап қайтарды. Төраға: Кабделов А.К. Хатшы: Нсанғалиева А.Б. Атырау Теміржол ауруханасы
Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары Акционерлік қоғамының филиалы Атырау темір жол ауруханасы ұжымында «Медицина қызметкерлері күні» салтанатты түрде атап өтілді. Салтанатты жиынды филиал директоры Ш.Ә.Мұқашев ашып, ұжым мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады,облыс тұрғындарына көрсетіп отырған сапалы медициналық көмектері үшін ризашылығын білдірді Ұжымның жеткен жетістіктері мен алда тұрған міндеттері туралы айта келіп, ұжым мүшелеріне еңбекте табыс, жанұяларында тыныштық тіледі. Еңбекте жеткен табыстары үшін кәсіподақ ұйымының төрағасы м.а.Е.А. Жөнербаев УДЗ-дәрігері С.Ә.Қасымбаеваға, дәрігер-терапевт Р.Д.Ихсановқа Төтенше жағдайлар Департаментінің мақтау грамотасын, дәрігер-гинеколог Ә.К.Шаймановқа, мейірбикелер Ж.Мамбетова ме С.Хасановаға аурухана әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының атынан мақтау грамоталарын табыс етті. Мереке соңында әдейі мереке күніне шақыртылған Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті болды. оркестрдің орындауындағы халық және батыс композиторлары шығармаларын тыңдап, орындау шеберлігіне тәнті болып, риза болып тарқасты.
Конъюнктивит- микробтар,саңырауқұлақшалар, вирустардың түсуіне байланысты көздің сілемейлі қабығының қабынуы.Кейде конъюнктивитті «қоян көз» деп те атайды. Бұлай аталу себебі ауру кезінде қабақ қызарады.Ауру себепшілері бактериялар (ерекше қауіпті хламидийлер) немесе кәдімгі салқын тиюді, баспаны, қызылшаны шакыратын вирустар болуы мүмкін. Балаларда конъюнктивит көзін уқаламай, көріп тұрған нәрсені ұстамай тұра алмайтындығынан пайда болады.Көптеген жағдайларда балаларда конъюнктивит салқын тиюмен қатар пайда болады, ауыр,созылмалы түрі сирек болады.Көбінде бір апта ішінде ауру өзінен -өзі жазылады. Ересек адамдарда ауру ауырырақ өтеді. Конъюнктивиттің бактериялық, вирустық және аллергологиялық түрлері болады.Бактериялық түрінде екі көз бірдей ауырады,сілемей көп бөлінуімен ерекшеленеді. Вирустық түрінде бір көз ауырады,көз жасаурайды, аздаған бөліністер болады. Аурудың бұл екі түрі өте жұқпалы, науқаспен кездескенде оңай беріледі.Конъюнктивит кейбір тітіркендірушілерге аллергиялық жауап қайтарудан пайда болады: гүл шаңдары, шаңдар мен иістер, қабақтың қызаруы,қатты қышу мен жабысқақ іріңнің бөлінуімен білінеді. Конъюнктивиттің ең қиын түрі – созылмалы түрі. Негізінен бұл түрі ересектерде кездеседі, тітіркендірушінің ұзақ уақыт әсерінен: түтін, иістер және ауадағы химиялық қосындылардан болады. Бұдан басқа авитаминоз,зат алмасудың бұзылуы,мұрынның және жас жолдарының созылмалы ауруы да конъюнктивиттің созылмалы түрінің пайда болуына себепкер болады. Аурудың бұл түрінде қышу, ашыту, «қабақ астында құм», жарықтан қорқу, көз шаршауы болады.Ауру өте ұзаққа созылады. Аурудың жеңіл түрінің өзі қауіпті болмаса да, өте тез таралатын жұқпалылығымен қауіпті. Бұдан қорғанудың сенімді түрі- жеке гигиена талаптарын сақтау болып табылады. Бұл өте қарапайм әдістер -тек қана өз сүлгіңізбен және жастық қапты пайдаланыңыз; -қолыңызды жүйелі түрде жуыңыз, әсіресе көзге тиетін болсаңыз; -егер мүмкіндік болсакөпшілік жерге, мектепке, жұмысқа бармаңыз; - көзге хлор түсірмеуге тырысыңыз. Сондықтан қоғамдық бассейндер мен суқұбырының хлорланған суынан аулақ жүріңіз. Конъюнктивиттің белгілері Конъюнктивиттің негізгі себептеріне байланысты әр түрлі болса да , барлығына ортақ белгілері қабақ шырышы қабығының қызаруы мен ісінуі,сілемейлі не іріңді бөліністер. Мысалы аденовирустық және хламидийлық зардапталуында көздің сілемейлі қабығында уақ ақшыл кызыл түсті жартылый мөлдір құрылғылар,фоликулдар пайда болады,осыдан фоликулярлық конъюнктивит деп аталады. Өткір конъюнктивиттің белгілері Өткір конъюнтивит кенеттен алдымен бір кейін екінші көзде ауру мен тілініп білінумен басталады.Анық көрінетін қызарудың ұстінде көбіне қанталау нүктелері пайда болады. Сілемейлі, сілемей-іріңді не іріңді бөліністер болады. Өткір конъюнтивит жалпы жайсыздық, дене қызуы көтерілуі және бас ауруы пен қатар жүруі мүмкін.Өткір түрі 5-6 күннен 2-3 аптаға созылуы мүмкін. Өткір актериалды конъюнктивит-жарықтан қорқушылық мен жас ағумен ерекшеленеді. Көздің сілемейлі қабаты қызарған, іскен, қанталау нүктелері болады. Аденовирустық түрі Жоғарғы тыныс жолдары шалдықпасының алдын алады не қатар жүреді. Инкубациялық кезең 4-8 күнге созылады. Басталуы кенет, жас ағу, көздің сілемейлі қабатының қызаруы мен ісінуі , кейде қанталау нүктелері болады. Аздаған сілемейлі бөліністер. Көздің сілемейлі қабаты төменгі өтпелі қыртысында уақ фоликулдар пайда болады. Конъюнктивит әдетте бір көзде, 1-3 күннен кейін екінші көзге көшеді, онда ауру жеңіл тұрінде өтеді. Індетті қанталайтын конъюнтивит-көлеміне байланысты әр түрлі мерзімде тарап кететін (нүктелік-3-6 күн, жайылған-2-3 апта) кабаққа, көз алмасына қан құйылулармен білінеді. Саңырауқұлақшалар тұрі- саңырауқұлақшалардың әр түрімен (актиномицеттер, көгеру, ашытқыға ұқсас т.б.),Жұқпа шақыру көзі топырақ,кейбір шөптер, көкөністер, жемістер, сонымен қатар ауру адам мен хайуанаттар болады. Аллергиялық түрі- аллергеннің табиғатына байланысты көп түрлі болып келеді. Дәрі-дәрмектік конъюнтивит жиі кездеседі және әдетте дәрі-дәрмекті қабылдағаннан кейін 6 сағат ішінде пайда болады.Көздің сілемей қабатының тез ісуі, қышуы, кұйдіруі, көп сілемейлі бөліністер тез пайда болады.Полиноздағы атопикалық конъюнктивит оның анық көрінісі болып табылады. Ол жазғытұрым мен жазда шөптер мен ағаштар гүлдейтін кезде маусымдық кушеюмен ерекшеленеді, көбіне ринитпен қатар жүреді.Екі көз бірдей зардаптанады; кұйдіру сезіледі,қатты ауыру, қышу,жас ағу және жарықтан қорганшақтау, көздің сілемейлі қабатының қызаруы, ісуі ,сілемейлі көп бөліністер. Конъюнктивитті емдеу Көзді сау деп тек қана зардаптану себебі жойылған кезде(жұқпа қоздырғышы) және ауру зардаптары кеткен кезде айтуға болады.Сондықтан көздің кабыну ауруларын емдеу кешенді жүргізіледі. Науқасқа ауру себебін шақырушыны жою- ауру зардаптарын қалдырмау үшін, антибактериалды, вирусқа карсы,саңырауқұлақшаға қарсы, паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер және аллергияға қарсы,иммундық емдер қолданылады. Тек осы жағдайда ғана емдеу дұрыс әрі табысты болды деуге болады. Бұдан басқа көз жұқполарын табысты емдеу үшін кейде көру ақауларын:сығырлық, қырақтық, астигматизм емдеу де керек болады. Алдын алу Конъюнктивиттерді алдын алуға жеке гигиена ережелерін мен емдеу—сауықтыру мекемелерінде санитарлық- гигиеналық талаптарды қатаң сақтау(көзге емшара істер алдында қолды жуу және1% хлорамин ертіндісімен арнайы өңдеу,жеке тамызғыштар пайдалану) кіреді. Дәрігер-офтальмолог Ж.К.Мұрзабекова Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік саласының бастысы –денсаулық екені ақиқат. Елбасымыз биылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты Жолдауында да бұл бағытты тағы қадап айтты.Әркез Ұлт көшбасшысы бірінші кезекке адам денсаулығын қойып,басты байлығымыз адам деп көрсетіп келеді. Жолдаудағы жеті басым бағыттың екіншісі денсаулық сақтау саласына арналуы тегін емес. Сондықтан ҚР президенті Н. Назарбаев: «... денсаулық үшін ортақ жауапкершілік – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты», - деуі өте орынды ой. Бұған сай болу – біздің де парызымыз.
