Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ филиалы «Атырау теміржол ауруханасы» акт залында аурухана қызметкерлері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы, Атырау көлік прокуратурасы және Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген семинар өткізілді.
https://atyraumst.rka.kz/zhanaluktar/8073-a%C4%9Fymda%C4%9Fy-jyldy%C5%8B-12-s%C3%A4u%D1%96r-k%C3%BCn%D1%96-%C2%ABapattar-medisinasyny%C5%8B-tem%D1%96rjol-gospitaldary%C2%BB-aq-filialy-%C2%ABatyrau-tem%D1%96rjol-auruhanasy%C2%BB-akt-zalynda-ke%C5%8Beit%D1%96lgen-seminar-%C3%B6tk%D1%96z%D1%96ld%D1%96.html#sigFreeIde6c50e8c0b
Семинар барысында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Каримжанов Алмаз Каримжанұлы «Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарына жаңадан өзгертулер мен толықтырулар» тақырыбында баяндама оқып, Заңдағы аталмыш өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жасалып жатқан бірқатар жұмыстарымен бөлісті. Атырау көлік прокуратурасының прокуроры Жұмабаев Мәди Мақсотұлы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі жаңашылықтармен бөлісіп, ұжымды Заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысы Игорь Витальевич Шин өз кезегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы және «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіндегі өзгерістер өзі басқарып отырған басқарманың қызметкерлері арасында да талқылануы тиіс жауапты тақырып екендігін айта кетті. Семинар соңында ұжым қызметкерлері құқық қорғау органдары өкілдеріне өз құзіреттері шегінде сұрақтар қойып, жауап алды.
