04 Маус 2021
Жаңалықтар

«Мәңгілік Ел Пойызы» Атырауда

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес 2016 жылғы 16 ақпаннан 18 наурыз аралығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мәңгілік Ел Пойызы» Жалпы республикалық акциясы жүргізілуде. Акцияның мақсаты елдің Тәуелсіздік жылдарындағы елдің жетістігін көрсету, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясын таныстыру, халықтар достастығын нығайту, әлем саясаты мен Мемлекет басшысының келісімі айналасына қоғамды шоғырландыру болып табылады. Аталған пойыз республикалық ғылыми-зерттеу институты, ғылыми орталығының дәрігер-мамандарының қатысуымен 2016 жылдың 8-наурызында Атырау қаласына келіп Атырау темір жол ауруханасы ғимаратында қала тұрғындарына тегін медициналық кеңес беріп, қабылдау жасады. Жалпы жұмыс барысында мамандардың қабылдауына барлығы 235 адам қаралды. Осы акцияның жүргізілуі барысында «Апаттар медициасының темір жол госпитальдары» АҚ филиалы –Атырау темір жол ауруханасының да бірқатар білікті мамандары қатынасты. Олар: көз дәрігері, гинеколог дәрігер, лор дәрігер, рентгенолог дәрігер, сондай-ақ эндоскопист дәрігер мамандар және қосымша 2 адам ультра дыбыстық, 9 адам рентгендік зерттеуден өтті. Мамандар көмегіне жүгінушілер дәрігер тарапынан жүргізілген кеңес беру-диагностикалық көмекке көңілдері толып, оң бағаларын беріп кетті. ,

Пайдалы ақпараттық ресурстар